Тәуелсіз мемлекеттер достығы қатысушы мемлекеттерінің мұғалімдері мен білім беру саласы қызметкерлерінің VII съезі және ІІ халықаралық шеберлік фестивалі
5-7.10.2022 ж. күндері Астана қаласы, Назарбаев университетінің базасында «Тәуелсіз мемлекеттер достығы қатысушы мемлекеттерінің мұғалімдері мен білім беру саласы қызметкерлерінің VII съезі және ІІ халықаралық шеберлік фестивалі» өтілуде.
Бұл іс-шараға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі А.Қ.Аймағамбетов, Ғылым және жоғарғы білім министрі С.Нұрбек және ТМД елдерінен педагогтар мен білім беру саласындағы басшылар қатынасуда.
Мұнда олар өз еліндегі білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер мен педагог, психолог, әлеуметтік педагог қызметтерінде қолданатын инновациялық педагогикалық технологияларымен бөлісуде.
Аталған іс-шараға Халықаралық Тараз Инновациялық Институты «Педагогика» факультетінің деканы Ботабаева Әдемі Еркебайқызы қатысуда.