COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Kazakhstan Institute for Strategic Studies under the President of the RK

Kazakhstan Institute for Strategic Studies under the President of the RK

ҚСЗИ – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Kazakhstan Institute for Strategic Studies under the President of the RK. Негізгі міндеті Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының стратегиялық бағыттары бойынша талдамалық зерттеу жүргізу және сараптамалық нәтижемен қамтамасыз ету.

Қазақстанның болашақ келбеті –
бұл жас сарапшыларды қолдау бағдарламасы. Бағдарлама жас зерттеушілер мен дарынды сарапшылардың бастамасын қолдау, сарапшылар қауымдастығын қалыптастыру, мәлімет жинау және талдау жұмысын ұйымдастыру, нарықтағы маңызды және қажетті дағдыларды дамыту. Бағдарлама әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-экономикалық, халықаралық бағыттары бойынша білім беру және ғылыми-зерттеу компоненттерінен тұрады.

Бағдарламаның 3 кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең үміткерлердің өтінімдерін қабылдау. Бұл кезеңде еліміздің түкпір-түкпірінен 51 үміткер өтінім берді. Екінші кезең Білім беру хабы. Бекітілген ережеге сәйкес 30 қатысушыны іріктеп, олардың зерттеу дағдыларын дамыту бойынша онлайн форматта оқыту. Үшінші кезең бағдарламаның Финалистерін анықтау. Барлығы 15 финалиспен жеке Талдамалық баяндамалар әзірленеді.

Білім беру хабы
Жас сарапшылардың білімін арттыруға бағытталған бір айлық оқу курсы. Онда Еркін Тұқымов, Досым Сәтбаев, Сұлтан Әкімбеков, Марат Шибұтов, Айгүл Забирова, Әзиз Бұрханов, Санат Күшкімбаев, Алуа Жолдыбалина, Асқар Нұрша сияқты Қазақстанның жетекші сарапшылары мен ғалымдары бізге дәріс оқыды.

Нәтиже!
Күні кеше ғана екінші кезеңді сәтті аяқтаған қатысушыларға Білім беру хабының сертификаттары табысталды. Сонымен қатар, жас сарапшылармен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин кездесіп, еліміздегі алдағы атқарылатын, қолға алынып жатқан маңызды стратегиялық жоспарлар мен ондағы жас сарапшыларға жүктелетін міндеттер туралы сөз қозғады.

Сүйінші!
Ал, осындай жас ғалымдар мен сарапшылардың ортасында болу мен үшін үлкен тәжірибе болды. Сұхбаттастық, пікір алмастық, ой бөлістік. Еліміздің ең ірі жоғарғы оқу орындарының жас профессор оқытушылары, PhD докторлары, доктарантары жиналған бұл бас қосу менің қайта ғылымға оралуыма себепкер болды. Қызығушылығымды қайта оятты. Осындай эмоциямен Таразға қайтып келгенімде финалистер тізімінен https://kisi.kz/spisok-finalistov/өзімді көріп, төбем бір елі көкке жетпей қалғандай болды.

Тәрбие жұмысы және жастар саясаты басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа