COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Түрік тілінде туыстық атаулары

Түрік тілінде туыстық атаулары

13.10.2022ж. күні «Педагогика» факультеті, "Шетел тілдері" кафедрасының PhD докторы Эмин Обаның «Екінші шетел тілінің тәжірбиелік курсы В деңгейі» пәнінен «Түрік тілінде туыстық атаулары» тақырыбында Шт-21-1, Шт-21-3 топтарына ашық сабақ (дәріс) өткізді. Ашық сабақты бағалауға «Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының басшысы және маманы қатысты.

Ашық сабақ барысында білімалушылардың түрік тілін жақсы меңгере бастағаны байқалды. Алдымен қазақша және түрікше туыстық атаулар аудармасымен түсіндірілді. Ашық сабақ соңында қысқаша интерактивті тақта арқылы презентациядан берілген қысқаша мәтіндерді білімалушылар түрік тілінде оқып берді.

Ашық сабақты бағалауды қорытындылай келе, Эмин Обаның пәннің оқу-әдістемелік жабдықталуына, сабақ барысында ақпараттық технология мен инновациалық тәсілдерді қолдануына, студентке бағытталған оқыту мен дәріс шеберлігіне жоғары деген (141-160 балл аралығында) баға берілді.

Эмин Оба Халықаралық Тараз инновациялық институтына Түркия Республикасы, Стамбул университетінен білімалушыларымызға түрік тілін үйрету және ғылыми жұмыстарды дамыту мақсатында 2021-2022 оқу жылында арнайы шақыртылып, 2022-2023 оқу жылына келісім шарт мерзімі ұзартылғанын хабарлаймыз!

«Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқарманың басшысы Б.К. Жундибаева.