ХТИИ-да "Менің арманымдағы Қазақстан" атты эссе байқауы өтті
25 қазан Республика күні аясында Халықаралық Тараз Инновациялық Институты қазанның 14-жұлдызы күні «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында эссе байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты:
• студент жастар бойында Отанға, туған ел мен атамекенге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу;
• туған тарих пен тіл, дәстүр мен төл мәдениет туралы білімдерін, дүниетанымды дамыту;
• алған білімдерін бекіте отырып, жазу сауаттылығын арттыру.
1-4 курс студенттері мен магистранттар арасында өткен эссе байқауының қорытындысы шығарылып, комиссия шешімі бойынша жеңімпаздар анықталып, марапатталды:
1. Кеңес Аружан, ШТ-20-1 тобының студенті – 1-дәрежелі диплом
2. Балтабай Балнұр, ҚТ -21-1 тобының студенті – 2 дәрежелі диплом
3. Ныятбек Жанерке, ШТ-20-1 тобының студенті – 3 дәрежелі диплом
Байқауды ұйымдастырған – Тәрбие жұмысы және жастар саясаты басқармасы