COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Ділмар тамшы

Ділмар тамшы

Пікірсайыс – белгілі ереже бойынша қарсы тараптың өз позициясын қорғап, көпшілік алдында сөйлеу. Ол ораторлық қабілет пен ойлау жүйесін дамытады. Пікірсайыстың мектебінен шыққан азаматтардың басы мемлекеттік билікте, саясатта, бизнесте табысты еңбек етуде.

Бүгін институтымыздың алғашқы түлегі, «Ділмар тамшы» пікірсайыс клубының мүшесі, республикалық турнирлердің жеңімпазы, ЛД турнирлері мен фан-дебаттың жүйрігі Әлімжан Шырынбековпен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге оқу орнының пікірсайысшылары, белсенді жастар мен облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Азамат Тоқберген қатысты. Кездесу барысында Ә.Шырынбеков өзінің пікірсайыста жеткен жетістіктері, пікірсайыстың берген мүмкіндіктері және пікірсайыстың өткені мен қазіргі таңдағы ерекшеліктерін, қызықты естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ, студенттер өзінің сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар ала алды.

Басқосуда облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Тоқберген пікірсайыстың қазіргі таңдағы орны, ролі жайында баяндап, Ә.Шырынбековты «Облыстық пікірсайысты дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапаттады.