COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Спорттық күрес оқыту әдісі

Спорттық күрес оқыту әдісі

Бүгін, 21.10.2022 ж. күні «Шығармашылық мамандықтар» факультетіне қарасты «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының грек-рим күресінен спорт шебері, магистр, аға оқытушысы Конысжан Танаев «Спорттық күрес оқыту әдісі» пәнінен «Арқадан асыра лақтыру әдісі» тақырыбында гимнастикалық оқу залында Дш 21-1, Дш 21-3, Дш 21-5 топтарына ашық сабақ өткізді.

Ашық сабақты бағалауға «Шығармашылық мамандықтар» факультетінің деканы Айгуль Курманбекова «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының аға оқытушысы Б.Шилибаев және «Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының қызметкерлері қатысты.

Қ. Танаев ашық сабақты студенттерді сапқа тұрғызу, сәлемдесу, жаңа сабақты қысқаша теория түрінде түсіндірумен бастады. Бой жазу мақсатында аяқтың ұшымен және өкшесімен, аяқтың сыртқы және ішкі қырымен, аяқтың өкшесінен ұшына көтеріліп жүру сияқты бой жазуға жаттығулар, алға, артқа домалау, оң, сол қапталмен аунау секілді арнайы дене қыздыру жаттығуларымен күрделене түсті.

Қ.Т.Танаев ашық сабақтың жаңа тақырыбына сай бір студентті өзіне қарсылас ретінде таңдап алып бірнеше рет әдісті қайталап көрсетіп берді. Сосын топ студенттерін жұпқа бөле отырып алдымен екі аяқпен тік тұру, солақайларға оң жақтан шалыс беру немесе бойы ұзындау қарсыласы бар жұптарға сәл еңкейіп күресу әдістерін айтып өтті. Студенттер өз қарсыластарын ауыстыра отырып жаңа тақырыпқа сай бірнеше жаттыққан соң, өткен сабақтың тақырыбы бойынша белден лақтыру бойынша яғни екі әдісті қолдана отырып, 2 минуттық күресуге машықтандырды.

Сонымен қатар, әрбір теріс қимыл (арқаны тік ұстамау, шынтақты және тізені бүгіп күресу) оқыс жағдай туғызу мүмкін екендігін көрсете отырып, қауіпсіздік шараларын сақтау маңыздылығын түсіндіріп өтті.

Қ.Т.Танаев сабақтың аяғына қарай студенттермен бірге жалпы дене, тынысты қалпына келтіру және гимнастикалық жаттығуларды орындады. Үй тапсырмасы беріліп, қайта сапқа тұрғызылып, студенттерден жаңа тақырып бойынша жаттығулар жасау кезінде өзінен және қарсыласы тарапынан қандай қиындықтар мен кемшіліктер болғанын сұрап қорытындылады.

Жоғарыда айтылған ПОҚ-ы мен қызметкерлер бағалауды қорытындылай келе, Қ.Т.Танаевтың «Спорттық курес оқыту әдісі» пәні оқу-әдістемелік жабдықталуы, студентке бағытталған оқыту мен дәріс беру шеберлігіне қарай өте жоғары деген (141-160 балл) баға берді.

Естеріңізге сала кетсем,екі қабаттан тұратын (жалпы алаңы 1500 ш.м.) заманауи спорттық-сауықтыру кешені 2017 жылы пайдалануға берілген болатын. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттері әлемдік және республикалық спорт біріншіліктерінде чемпион атанып, жүлделі орындарға қол жеткізіп жүр. Әлем чемпионы, біздің мақтанышымыз, ДШ-19-1 тобының студенті Баймұратов Дінмұхамед, ДШ-20-1 тобының студенті Ынтықбай Жансая, Белбеу күресінен Әлем чемпионатында 2-ші орынды еншіледі, VII «Ақ бидай» республикалық ауыл спорты ойындары, ДШ 20-15 тобының студенті Уралбаев Талант кикбоксингтен жүлделі 1-ші орынды иеленді.ФКС-19-2 тобының білімгері Азизов Рамазан "Каратэ-до" спорт түрінен жүлделі 3-ші орынды иеленді және жүлдегерлеріміз Гафуров Рамазан, Гафуров Нурсултан, Шарап Айбек, Балтабай Бекнұр, Әлиасқаар Сымбат, Нұрмахан Ербол, Бижанов Дамир, Сапарғалиев Аскар, Турсынбекова Айгерім, Төреғали Самал, Мухамеджан Аиша, Алимхан Асель, Курмантаева Альнура, Талғат Нұртілеу Нұрланұлы, Орынбасар Мейірім Сәбитханқызын атап айтуға болады.

Спорттың әр саласы бойынша чемпионаттарға қаржылай қолдау білдіріп отырған Шерхан Мұртаза атындағы ХТИИ-ның басшылығына және «Шығармашылық мамандықтар» факультетінің деканы мен «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамына алғысымызды білдіре отыра,кафедра түлектерінен еліміздің спорт саласына үлесі тиер,мектепте дене шынықтыру пәнінен сабақ берумен қатар,түрлі секциялық жұмыстарға жетекшілік ететін кәсіби мамандар болатынына сенеміз зор!

«Сапа,аккредиттеу және рейтинг» басқармасының басшысы Б.К. Жундибаева