COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Жаңа Қазақстан қоғамындағы ұлттық құндылықтар әлемі

Жаңа Қазақстан қоғамындағы ұлттық құндылықтар әлемі

21.10.2022 ж. күні Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты студенттері философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, абайтанушы ғалым Ғарифолла Есім мен филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, тіл жанашыры, мемлекет және қоғам қайраткері Шерубай Құрманбайұлымен «Жаңа Қазақстан қоғамындағы ұлттық құндылықтар әлемі» тақырыбында еркін кездесу ұйымдастырылды.

Ғалымдар институт студенттеріне бүгінгі руханияттың жағдайын баяндаумен қатар, әділетті Қазақстанды құратын – жастар екендігін ерекше атап, зор үміттерін артты. Студенттер жастар өз тарапынан сұрақтар беріп, жалпы тәуелсіз еліміздің жарқын болуы жайындағы ұсыныстарын ортаға салды.

Сонымен қатар қос академик ХТИИ "Студенттер үйімен", "Шерхантану" ғылыми-зерттеу орталығының жұмысымен танысып, "Құрметті қонақтар" кітабына қолтаңба қалдырды.