COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Ғаламдық қоғамдастықта болып жатқан интеграциялық процессте «Әлемдік білім беру стандарттарына сай білім беру қызметін» жүзеге асырып, халықаралық және отандық еңбек нарығына сай «маман» даярлауда студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығына мән беріліп, тиісінше ғылым саласындағы жоғары біліктілігі бар, потенциалды иммигранттарды (ЖОО профессорларын) - елге тарту Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институтының стратегиялық даму бағытындағы негізгі индикаторларының бірі болып саналады.

Қазіргі уақытта институтымыздың халықаралық қызметі ғылым арқылы білім беруде, әрбір мамандық үшін оқу ақысы, географиялық орны, ПОҚ құрамымен ортақ ғылыми-зерттеулеріне сай жетекші, шетелдік ЖОО (QS- рейтинг бойынша көшбасшыларды) таңдап алып, жоспарлы түрде институтымыздың президенті Ерболат Саурыков тың басшылығымен «академиялық кездесулер» өткізілуде.

‼️ Ағымдағы оқу жылының 26 - қазан күні КЁНГБУК ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ- мен (немесе Kyungpook National University (KNU) – Оңтүстік Кореядағы мемлекеттік жоғары оқу орны. ЖОО өз қызметін 1946 жылы бастаған. Университеттің бас ғимараты Тэгу қаласында қалалық кампус ішінде орналасқан. Оңтүстік Кореяның үздік 20 - шы орын, жыл сайынғы QS- рейтинг бойынша жетекші университеттердің 5% жаратылыстану, технологиялық мамандықтар бойынша қатарына кіреді.)

Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының Техникалық ғылымдар және технологиялар бағытындағы: 6В06101 Информатика, 6В06102 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, 6В06103 Ақпараттық жүйелер және технологиялар, 6В06104 Компьютерлік инженерия, 6B06105 Компьютерлік ғылымдар БББ, Жаратылыстану ғылымдары бағытындағы: 6В05101 Биология, 6В05102 Биология - Санитарлық эпидемиология, 6В08101 Агрономия - Экология, 6В08102 Өсімдік қорғау және карантин, 6В08123 Агрономия, 6В09101 Ветеринарная санитария, 6В05301 Химия, 6В05302 Физика, 6В05401 Математика, 6В01501 География, 6B01502 Математика және физика және 6В01702 Шетел тілі: екі шетел тілі БББ бойынша студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы, білім және ғылым саласы бойынша бірлескен өндірістік зерттеу жұмыстарын жасау мақсатымен екі-жақты ынтымақтастық келісім шарт жасасып, меморандумға қол қойылды.