COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Тәуелсіздік – асқақ армандар мен қайсар рухтың жемісі!

Тәуелсіздік – асқақ армандар мен қайсар рухтың жемісі!

25 қазан – Республика күніне орай Институтымызда алғаш рет «Қоғамдық лекция» интелектуалды жобасы іске асырылды. Алғашқы лекцияны Жамбыл облыстық полиция депортаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова оқыды. Лекцияға оқу орнының құқықтану мамандығының студенттері мен белсенді жастары қатысты.
Мұндай жоба әлемде 1984 жылдардан бері бар көрінеді. Ал оны Қазақстанға кезінде «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алған, танымал журналист Руслан Желдібай алып келіпті. Бүгінде сан алуан тақырыпты қамтитын жоба еліміздің Алматы, Астана, Қостанай қалаларында жүзеге асырылуда екен. Жобаны өз өңірімізде жүзеге асыру үшін оның Қазақстандағы авторынан бір ауыз рұқсат алынған екен. Мұндағы басты мақсат – өнер, мәдениет, әдебиет, спорт, музыка, саясат, кәсіпкерлік, өндіріс секілді өзекті салаларда жұртшылыққа кеңінен танымал болған азаматтармен жастарды кездестіре отырып, емін-еркін сұқбат құру. Сала саңлақтары оқыған дәрістерден жастардың тағлым алуына ықпал ету.
Лекция соңында студенттер құқық қорғау саласына қатысты бірқатар сұрақтар қойып, нақты жауаптар алынды. Алдағы уақытта осы саланының мамандарын шақырып, студенттерге арнайы дәрістер оқылатын болады.