COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / IT Академия ашылды

IT Академия ашылды

2022 жылдың 2 қарашасында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институтында IT Академиясы ашылды.

IT Академиясының мақсаты - ХХІ ғасырдың дағдылары мен құзыреттіліктерін қалыптастыру: білім алушылардың ақпаратпен жұмыс істей білу дағдыларын, технологиялық дағдыларды қалыптастыру. IT Академиясының ашылуына облысымыздың бірнеше мекемелерінің жауапты тұлғалары қатысты:

Жамбыл облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Нокрабеков Р.М.
Жамбыл облысы "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының директоры Е.С.Атымтаев;
Тараз қаласы білім бөлімінің басшысы Р.П.Қожамжарова;
"Novacom Technology" ЖШС директоры М.Р.Абдраманов;

ІТ құзыреттіліктерге ие болған мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының түлектеріне болашақта нарықтық экономиканың үрдісіне тиімді енуге және де кәсіби ынтымақтастық пен бәсекелестік жағдайында табысқа жетудің қосымша мүмкіндіктері беріледі, сондай-ақ білім алуды тиімді жалғастыру үшін олардың әлеуеті де артады.

IT Академиясында білім алушылардың әртүрлі санаттарына, атап айтсақ, 10 жастан 50+ жасқа дейін барлығына қолжетімді ыңғайлы, ашық кәсіби және жеке даму жүйесі берілетін болады.
Курстардың кең спектрі ұсынылады:

-ҰБТ- ға дайындық (Информатика пәнінен);
- Робототехника;
- Графикалық дизайн;
- "Күміс IT" цифрлық сауаттылықты арттыру курсы;
- Компьютерлік модельдеу (3D printing, UV printing, лазерлік құрылғыда жұмыс істеу).
Мастер класстар:
-Әлеуметтік медиадағы виртуалды коммуникациялар;
- Бейнероликтерді монтаждау;
-SMM skills және т.б.

Осы іс-шараға қатысушылардың пікірінше, IT Академиясы Жамбыл облысының IT білім беру саласында көшбасшы болуға тиіс, онда жұмыс берушілерге қажет және болашақта заманауи бизнес жүргізу үшін қажетті дағдылар берілетін болады. IT академиясында түлектерге әлемнің үздік ІT компанияларының бір бөлігі болуға мүмкіндік беретін ең өзекті және сұранысқа ие білім беріледі.