COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Қорларды есепке алу

Қорларды есепке алу

04.11.2022 ж. күні «Экономика және бизнес» факультетіне қарасты «Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы Г.Жантаева "Бухгалтерлік есеп" пәні бойынша "Қорларды есепке алу" тақырыбында Фин -21-2 тобына ашық сабақ өткізді.

Ашық сабақты бағалауға Академиялық жұмыстар жөніндегі проректор Акмарал Кадырова , «Қаржы және есеп» кафедрасының ПОҚ-ы мен «Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының маманы И.Т.Сенгербаева қатысты.

Г.Жантаеваның оқу-әдістемелік құралдары жаңартылған, қолданылатын әдебиеттер тізімі бойынша талап сақталған, студенттердің сабаққа қатысуы 100%.

Ашық сабақ барысында оқытушы топ студенттерімен түгел жұмыс жасай білді. Студенттер презентация арқылы үй тапсырмасын орындап, оқытушы тарапынан қойылған сұрақтарға белсенді жауап берді. Г.Жантаева іскерлік ойын өткізіп, студенттерге түрлі жолмен есептер шығартқызды.

Сабақты қорытындылау кезеңінде оқытушы оқу үрдісінің барлық аспектілерін ескере отырып, білім алушылардың білімін бағалап мадақтау мен қолдауын жеткізді. Жоғарыда аталған ПОҚ-ы мен қызметкерлер бағалауды қорытындылай келе, Г.Жантаева берілген пәнге оқу-әдістемелік жабдықталуына сабақ барысында ақпараттық технология мен инновациалық тәсілдері қолдануына, студентке бағытталған оқыту мен дәріс шеберлігін өте жақсы деген (141-160 балл) баға берді.

Г.Жантаева Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты білім берудегі "Студентке бағытталған" әдісті кеңінен қолданатын, әрбір жеке тұлғаға ерекше көзқараспен қарайтын,білімді теория арқылы студент бойына сіңіре отырып,практика жүзінде кері байланыс жасайтын шебер оқытушының бірі.

«Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқарманың басшысы Ботагоз Калдыбековна