COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Электронды кітапханамен таныстыру оқыту-тренингі өтті

Электронды кітапханамен таныстыру оқыту-тренингі өтті

2022 жылдың 09 қараша Ақпараттық-кітапханалық орталықтың №3 оқу залында «ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС» және «ЗАҢ» факультеттерінің 1 және 2-курс студенттерімен ақпараттық-медиалық сауаттылығын арттыру тренингі өтті.
Тренингтің мақсаты – оқырмандарды Ақпараттық-кітапханалық орталықтың сайтымен https://lib.htii.kz және Ақпараттық-кітапханалық орталықтың Ережесімен таныстыру, электронды кітапханасымен жұмыс жасау тәсілдері мен мәлімет алу жолдарын көрсету, «Online қызмет көрсету» қызметін таныстыру, оқырман ретінде тіркелу және қордағы дәстүрлі түрдегі құжаттардың көшірмелерін электронды түрде жеткізу сервисін пайдалану. Сонымен қатар, АИБС «МегаПро» электронды каталогында құжаттарды іздестіру жолдары және РМЭБ, IPRSMART, Aknur PRESS, Параграф, Web of Science, Scopus электронды кітапханаларымен жұмыс жасау тәсілдері, мәлімет алу жолдарымен таныстырылды.