COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер

Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер

15.11.2022ж. күні «Экономика және бизнес» факультеті, «Экономика және басқару» кафедрасының оқытушысы Б.А.Каир «Экономикалық теорияның негіздері және кәсіпкерлік» пәні бойынша «Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер» тақырыбында, Фин-22-2 тобына ашық сабақ өткізді.

Б.А.Каир студенттерді кәсіпкерлік қызметтегі тәуекел ұғымымен, оның түрлері мен жоба тәуекелдерін басқару шараларымен яғни сабақтың мақсатымен таныстырып өтіп, «миға шабуыл» әдісін қолдана отыра студенттерге сұрақтар қойып, бірге белсенді түрде талқылады.

Оқытушы презентация арқылы тәуекелдерді басқару процесс барысында туындауы мүмкін мәселелерді анықтауға және талдауға көмектесетінін түсіндірді.Тәуекелдерді талдау шешім қабылдаудың құнды және практикалық құралы болып табылады, өйткені ол әр нұсқаның ықтимал пайдасы мен тәуекелдерін анықтауға, тәуекелдердің пайда болуын бағалауға және әрі қарай жүру керектігін шешуге мүмкіндік беретінін түсіндіріп өтіп, студенттерге Kahoot бағдарламасы арқылы тест тапсырмаларын берді.

Ашық сабақты бағалауға «Экономика және басқару» кафедрасының ПОҚ-ы мен «Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының маманы қатысып, пәннің оқу- әдістемелік жабдықталуына Б.А.Каирдың сабақ барысында ақпараттық технология, инновациалық тәсілдерді қолдануына, студентке бағытталған оқыту мен дәріс шеберлігіне жақсы деген (111- 139 балл) баға берді.

«Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының басшысы Ботагоз Калдыбековна Жундибаева.