COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Көпмүшеліктің түбірі. Көпмүшелікті (х-с) екімүшелігіне болу

Көпмүшеліктің түбірі. Көпмүшелікті (х-с) екімүшелігіне болу

15.11.2022ж. күні «Жаратылыстану» факультеті, «Жаратылыстану мамандықтар» кафедрасының оқытушысы Ж.Қ.Әбдраманова "Сандар теориясы" пәні бойынша "Көпмүшеліктің түбірі. Көпмүшелікті (х-с) екімүшелігіне болу " тақырыбында, Мат-21-1 тобына ашық сабақ өткізді.

Ж.Қ.Әбдраманова алдынғы дәріс тақырыпты пысықтау үшін екі топқа бөліп «Миға шабуыл» әдісін қолдана отырып, әр топ бір-біріне сұрақтар қойды.

Оқытушы жаңа тақырыпты презентация бойынша түсіндіріп, «Безу теоремасы» бойынша есептер шығарып түсіндірді. Көпмүшенің түбірлерін табу барысында әртүрлі тәсілдер қолданды. Көпмүшені көпмүшеге бөлуді Горнер схемасы арқылы көрсетіп түсіндірді.

Екі топтың студенттеріне жаңа материалды қалай игергенін білу үшін тақтаға есеп шығартқызды. Сабақ соңында, оқытушы студенттерге рефлексия жүргізді: - не білдім, не білемін – нені білгім келеді?, парақшаға жазып оқытушыға өткізді.

Ашық сабақты бағалауға «Жаратылыстану мамандықтар» кафедрасының ПОҚ-ы мен «Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының маманы қатысып, пәннің оқу-әдістемелік жабдықталуына Ж.Қ.Әбдраманованың сабақ барысында ақпараттық технология, инновациалық тәсілдерді қолдануына, студентке бағытталған оқыту мен дәріс шеберлігіне жақсы деген (141- 160 балл) баға берді.

«Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының басшысы Б.К. Жундибаева.