COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / “Шындықтың шырақшысы” атты ауқымды дөңгелек үстел форматында іс-шара өтті

“Шындықтың шырақшысы” атты ауқымды дөңгелек үстел форматында іс-шара өтті

Ш.Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық институты 2022 жылдың қараша айында 30 күні сағат 14.00-де Ақпараттық-кітапханалық орталығының ұйымдастыруымен студенттер үйінде Шерхан Мұртазаға 90 жыл толуына орай “Шындықтың шырақшысы” атты ауқымды дөңгелек үстел форматында іс-шара өтті.
Дөңгелек үстел мақсаты – тәрбиелік , Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек және шығармашылық, ашықтық, академиялық шыншылдық, өмір бойы білім алу, әлемдік азаматтық шешендікке баулу, тапқырлыққа, шапшаңдыққа үйрету, құндылықтарды игерту.
Іс-шара барысында білімгерлерге нағыз ұлтшыл, елінің елеулісі, халықтың қалаулысы Ш.Мұртаза жайлы видеоролик көрсетілді.
Шерағаға 90 жыл толуына орай ұйымдастырылған іс- шарамызға жазушы –журналист, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Бекет Момынқұл мырза және ақын, жазушылар одағының мүшесі, «Арай» газетінің “Мәдениет және әлеумет” бөлімінің бас редакторы Нұржан Қадірәлі мырза білімгерлерімізге Ш.мұртаза жайлы біраз әңгімелер айтып, өз білетін оқиғаларымен бөлісті оқырмандарға ізгі-тілектерін білдірді.
Тақырыбымызға сай Ақпараттық-кітапханалық орталығының №4 оқу залында Ш.Мұртазаның шығармаларынан кітап көрмесі қойылды. Бір кем дүние туындысынан оқырмандарымыз үзінділер оқыды. Білімгер, жас ақындар Шерағаға арналған өлең шумақтарын паш етті.Арнайы шақыртылған қонақтармен сұрақ жауап алмасып, пікір талас жасалды. Оқырманның іс-шарадан алған әсерлерін нәтижесін байқау мақсатында «Kahoot» ойыны ұйымдастырылды.
Сондай-ақ ойын нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, арнайы диплом мен марапатталды.