COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Мамандығым-мақтанышым

Мамандығым-мақтанышым

29.11.22ж. Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты "Жаратылыстану" факультетінде "Мамандығым-мақтанышым" тақырыбы аясында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге "Ветеринариялық санитария" және "Стандарттау және сертификаттау" білім беру бағдарламаларының 1-3 курс студенттері қатысты.

Студенттер өз мамандықтары туралы ақпарат келтірілген презентацияны көрсетіп, болашақ мамандықтарына қатысты өз пікірлерімен бөлісіп, іс-шара қонақтарымен бірге талқылады.

Іс-шараға қатысқан қонақтар:
Маликтаева П.М. - Жаратылыстану факультетінің деканы міндетін атқарушы;
Ноғайбеков Ш.Ж - Жаратылыстану факультеті деканының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
Қазақбаев Қ.М. - ветеринария ғылымдарының кандидаты,
Саржанова К.Ш.- техника ғылымдарының кандидаты,
Мыңбаев А.Қ. – "Қазақстан Стандарттау және Метрология Институтының" экс-басшысы, эксперт.
Тлепов А.Қ. - ҚР АШМ «ҚазАгроИнновация» «Қаз ҒЗВИ» ЖШС «Жамбыл Ғылыми-зерттеу ветеринариялық станциясы» филиалы басшысы.