COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Қара тарақанның морфологиясы, ішкі құрылысы

Қара тарақанның морфологиясы, ішкі құрылысы

30.11.2022 ж. күні Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты «Жаратылыстану» факультеті, «Биология және ауылшаруашылық мамандықтар» кафедрасының оқытушысы И.Заурбекова «Омыртқасыздар зоологиясы» пәні бойынша «Қара тарақанның морфологиясы, ішкі құрылысы» тақырыбында, БСЭ-22-1 тобына ашық сабақ өткізді.

Сабақтың басында И.Заурбекова студенттерге өткен тақырып бойынша сұрақ-жауап алмасты. Әрі қарай зертханалық сабақтың тақырыбымен қысқаша таныстырып, студентерді төрт топқа бөлді. Әр топ презентация арқылы, жәндіктердің анатомиясымен таныстырды.

Бірінші топ тарақанның морфологиялық құрылысын, екінші топ қара тарақандардың анатомиясың, үшінші топ бал ара мен маса туралы түсіндіріп берді. Ал төртінші топ көбелектер мен шыбындар туралы презентацияларын бастамас бұрын, аудиторияға жұмбақтар жасады.

Сосын оқытушы қара тарақанның дене бөліктерін жіктеп, талдап, спиртке салып коллекция жасады. Оқытушы, қауіпсіздік нұсқауларын сақтай отырып, бинокулярлық үлкейткіш әйнекті қолданды.

Оқытушы Kahoot бағдарламасын қолдана отырып, студенттерге тест тапсырмаларын орындатқызып, үй тапсырмасын берді. Сабақты қорытындылау кезеңінде оқытушы тапсырмалардың барлық бағытын ескере отырып студенттердің жауаптарын бағалады. Сабақта рефлексиялық – бағалау кезеңі болды.

Ашық сабақты бағалауға «Биология және ауылшаруашылық мамандықтар» кафедрасының ПОҚ-ы мен «Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының маманы қатысып, пәннің оқу-әдістемелік жабдықталуына И.Заурбекованың сабақ барысында ақпараттық технология, инновациалық тәсілдерді қолдануына, студентке бағытталған оқыту мен дәріс шеберлігіне жоғары деген (141- 160 балл) баға берді.

«Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының басшысы Ботагоз Калдыбековна Жундибаева.