COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем бағыныңқыларының басыңқымен сатылай және жарыспалы байланысу жолдары

Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем бағыныңқыларының басыңқымен сатылай және жарыспалы байланысу жолдары

01.12.2022 ж. күні «Педагогика» факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының оқытушысы, ф.ғ.к. М.Т.Қожаева «Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі» пәні бойынша «Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем бағыныңқыларының басыңқымен сатылай және жарыспалы байланысу жолдары» тақырыбында, ҚТ-19-1 тобына ашық сабақ өткізді.

М.Т.Қожаева сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстырды. Оқытушы студентерді екі топқа бөліп тапсырмаларды орындатқызды. Бірінші тапсырма «Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердің ролі және олар жиі қолданатын стиль түрлері» бойынша «Pres» әдісі арқылы студенттер өз көзқарастарын білдірді, екінші тапсырма «Қатесін тап» ойын арқылы студенттер құрмалас сөйлемдердің құрамын анықтау мақсатында тиісті тыныс белгілерді қойып, мағыналық түрлеріне талдау жасады.

Үшінші тапсырмағаға сәйкес студенттер берілген көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерге шартты схемалармен күрделі талдау жасады. Сабақта қолданған мәтіндер М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан алынған.

Оқытушы студенттермен кері байланыс жасап, рефлексиялық кезеңінде студенттер өзін - өзі бағалау парақшаларын толдырды.
Ашық сабақты бағалауға «Педагогика» факультетінің деканы А.Е.Ботабаева, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ПОҚ-ы мен «Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының маманы қатысып, пәннің оқу- әдістемелік жабдықталуына М.Т. Қожаеваның сабақ барысында ақпараттық технология, инновациалық тәсілдерді қолдануына, студентке бағытталған оқыту мен дәріс шеберлігіне жоғары деген (141- 160 балл) баға берді.

«Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының басшысы Ботагоз Калдыбековна Жундибаева.