Портрет (барельеф)
01.12.2022 ж. күні «Шығармашылық мамандықтар» факультеті, «Бастапқы әскери дайындық және шығармашылық мамандықтар» кафедрасының оқытушысы, п.ғ.к. А.А.Сихаев «Мүсін және пластикалық анатомия» пәні бойынша «Портрет (барельеф)» тақырыбында КЕС-20-1 тобына ашық сабақ өткізді.
Сабақта оқытушы студенттерге тақырыпты зерттеу үшін үш тапсырма берді. Бірінші пропорцияларды сақтай отырып және ұқсастықтарға қол жеткізе отырып, саздан адамның портретін жасауға үйрену, екінші кеңістіктік ойлауды, көрнекі есте сақтауды, шығармашылық және танымдық белсенділікті дамыту, ал үшіншісі – адамның ішкі және сыртқы келбетінен сұлулықты, үйлесімділікті, сұлулықты таба білуді қалыптастыру.
Сонымен қатар, студенттерге басты мүсіндеу кезінде кеңістіктегі бөліктердің орналасуын, олардың салыстырмалы өлшемдерін, пішінін, осы бағыттардың барлығын ескеруді анықтап берді.
Ашық сабақты бағалауға «Бастапқы әскери дайындық және шығармашылық мамандықтар» кафедрасының ПОҚ-ы мен «Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының маманы қатысып, пәннің оқу-әдістемелік жабдықталуына А.А.Сихаевтың сабақ барысында инновациалық тәсілдерді қолдануына, студентке бағытталған оқыту мен дәріс шеберлігіне жоғары деген (141- 160 балл) баға берді.
«Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының басшысы Ботагоз Калдыбековна Жундибаева.