COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Coherence and Cohesion

Coherence and Cohesion

06.12.2022 ж. күні «Педагогика» факультеті, «Шетел тілдері» кафедрасының аға оқытушысы Сабина Кубеева «Language for Academic Purposes» (IELTS-емтиханына дайындауға бағдарланған) пәні бойынша «Coherence and Cohesion» тақырыбында ШТ-19-1 тобына ашық сабақ өткізді.

С.Кубеева өткен тақырып бойынша қысқаша сұрақ-жауап жүргізіп, жаңа тақырып бойынша өтілетін сөздерді тез игеру үшін, видео-роликтер көрсетіп яғни дұрыс айтылуына мән бергізді. Әрі қарай топтық ойын ұйымдастырып, сұрақтар таратты. Берілген сұрақтар негізінде студенттер белсенді жауап берді.

Оқытушы сабақ соңында «Cohesion Quis» арқылы онлайн тест жүргізді. Студенттердің білім деңгейі және жылдам жауап беру деңгейлері бірге анықталды. Оқытушы студенттерді бағалап, үй тапсырмасын берді.

Ашық сабақты бағалауға «Шетел тілдері» кафедрасының ПОҚ-ы мен «Сапа, аккредиттеу және рейтинг» және «Академиялық саясат» басқармасының маманы қатысып, пәннің оқу-әдістемелік жабдықталуына С.Кубееваның сабақ барысында ақпараттық технология, инновациалық тәсілдерді қолдануына, студентке бағытталған оқыту мен дәріс шеберлігіне жоғары деген (141- 160 балл) баға берді.

«Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының басшысы Ботагоз Калдыбековна Жундибаева.