COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Лексикография. Сөздіктердің түрлері

Лексикография. Сөздіктердің түрлері

07.12.2022 ж. «Педагогика» факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының оқытушысы, ф.ғ.к., доценті А.У.Карибаева «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы» пәні бойынша «Лексикография. Сөздіктердің түрлері» тақырыбында ҚТ-21-1 тобына ашық сабақ өткізді.

А.У.Карибаева сабақ басында тақырыптың мақсаты мен міндеттерімен яғни қазақ лексикографиясының қалыптасуы мен зерттелу тарихын таныту мақсатында, қазақ тіліне қатысты түркологиялық сөздіктерді анықтау арқылы, қазақ тіліндегі осы күнгі сөздіктердің түрлерін және олардың сипаттамасын беру екенін түсіндіріп берді.

Студенттер үй тапсырмасын орындау үшін екі топқа бөлініп «Қағидасын тап» ойынын ойнады. Бір-біріне қойылған сұрақтарға мысалдармен жауап беріп, өз ойлары мен пікірлерін нақты тұжырымдай білді.

Сабақ соңында А.У.Карибаева сабақтың қорытындысын шығарды және оқу процесінің барлық сәттерін ескере отырып, студенттердің білімін бағалады. Рефлексиялық – бағалау кезеңі болды.
Ашық сабақты бағалауға «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ПОҚ-ы мен «Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының маманы қатысып, пәннің оқу- әдістемелік жабдықталуына А.У.Карибаеваның сабақ барысында ақпараттық технология, инновациалық тәсілдерді қолдануына, студентке бағытталған оқыту мен дәріс шеберлігіне жоғары деген (141- 160 балл) баға берді.

«Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының басшысы Ботагоз Калдыбековна Жундибаева.