COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Кәсіби білім, саптық дайындық, өнер және әскери-спорттық ойындар

Кәсіби білім, саптық дайындық, өнер және әскери-спорттық ойындар

2022 жылдың 07 желтоқсанында Ш. Мұртаза атындағы ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ «Бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасы бойынша 2022-2023 оқу жылының іс-шаралар жоспарына сәйкес БӘД мамандығы студенттері арасында дәстүрлі ұйымдастырылатын «Кәсіби білім, саптық дайындық, өнер және әскери-спорттық ойындар» сайысы өтті.

Аталған дәстүрлі іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуы және өткізілуі Бастапқы әскери дайындық мамандығының оқытушылары мен 4 курс студенттеріне жүктелді.
Мақсаты: БӘД пәнінің беделін көтеру, кәсіби мамандығына сәйкес алған білімдерін бекіту, интеллектуалдық деңгейлерін жетілдіру, ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту, тәртіпке құлықты болуға баулу, үлкенге ізеттілік - кішіге өнеге көрсетуге тәрбиелеу және үздік білім алу жетістіктердің кепілі екенін саналарына сіңіру, жақсы оқуға ынталандыру, сонымен қатар жаңа серпін беру.
«Кәсіби білім, саптық дайындық, өнер және әскери-спорттық ойындар» сайысына тек БӘД мамандығы бойынша білім алушылар қатысты. Сайыс ұпайларының әділетті болуы үшін төрешілер ҚР ҚК қатарында келісімшарт негізінде қызмет етіп жүрген әскери қызметкерлер шақырылды.
Бірінші кезеңде: команданың аты, эмблемасы, ұраны және әні таныстырылып, саптық дайындықтың 5 тәсілі мен өнерлері (1 еркін тақырып 1 би немесе ән) көрсетілді.
Екінші кезеңде: әскери-спорттық кешенді эстафета (кедергіден жер бауырлап өту, ағаш аттан айналып секіру, қаппен секіру, жаралыны көтеріп жүгіру, Калашников автоматын бөлшектеу және жинау, химиялық қорғаныс киімін кию) көрсетілді.
Үшініш кезеңде: 24 кг гир тасын көтеру, горизанталь жағдайда кеудені көтеру, пресс ұстау, қол күрестіру, мойынға асынып арқан тартысу (өгіз тартыс) ұйымдастырылды.
Сайыс жеңімпаздарын оқу орнымыздың ректоры Марат Асылбекұлы марапаттады.
І орын - БӘД-21-1 тобы «ҰЛАН» командасы, сертификат 100 000 тг;
ІІ орын – БӘД-22-1 тобы «КӨК ТАРЛАНДАР» командасы, сертификат 50000 тг;
ІІІ орын – БӘД-22-1 тобы «ЖАС САРБАЗ» командасы, сертификат 10000 тг;
VІ орын – БӘД-20-1 тобына «ЖАУЫНГЕР» командасы Алғыс хат, сертификат 10000 тг.