COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!

16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Сіздерді мерейлі де мәртебелі мереке - Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке ата-бабамыздың сан ғасыр бойы аңсаған асқақ арманы мен ақжарма тілегі орындалып, жарқын жасампаздық пен үкілі үміті үстем болып, егемен еліміздің дамуына айқара жол ашқан күн.

Сондықтан бұл күн қасиетті де қастерлі. Егемен еліміздің дүние жүзі қауымдастығы алдында абыройы асқақ, беделі биік. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты - азаттықты аялау, тағдыры тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Ұлық мереке құтты, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Ізгі тілекпен, Ш.Мұртаза атындағы ХТИИ президенті Ерболат Саурықов.