COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / 12-22 қаңтар аралығында АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында 2023 жылғы Қысқы Универсиада өтуде

12-22 қаңтар аралығында АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында 2023 жылғы Қысқы Универсиада өтуде

Дүбірлі додада еліміздің атынан 78 спортшы бақ сынауда.

Оның ішінде шаңғымен жарысудан - 14, шорт-тректен - 12, биатлоннан - 9, мәнерлеп сырғанау мен конькимен жүгіруден - 6, сноуборд, тау шаңғысы спорты, тұғырдан секіру мен қоссайыстан - 2, шайбалы хоккейден 23 қазақстандық студент жарыс жолына шығады.

Универсиада ойындарының тарихы 1924 жылдан бастау алады. Ол 1959 жылға дейін бүкіләлемдік университет ойындары аталып келді. Сол жылдан бастап универсиада болып танылды. Оған қатысу талаптары енгізілді. Ол бойынша 17 жасқа толған және 28 жастан аспаған жігіттер мен қыздар аталмыш ойындарға қатысуға мүмкіндік алады.

Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан дүбірлі додада 14 қаңтарда қазақстандық биатлоншы Вадим Куралес 15 шақырым қашықтықта жекелей сында мәре сызығын бірінші болып қиып, қоржынға алғашқы алтын әкелді.

Әзірге бір алтын жүлдемен Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде тоғызыншы орынды Эстониямен бөлісіп тұр.
Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты ұжымы мен студенттері қысқы универсиадаға қатысушыларға сәттілік тілейді!