COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Бүгін Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов жетінші шақырылған облыстық мәслихат депутаттарымен кездесті

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов жетінші шақырылған облыстық мәслихат депутаттарымен кездесті

Кездесу барысында аймақ басшысы экс-депутаттарға атқарған жұмыстары мен белсенділіктері үшін ризашылығын жеткізді.

Өздеріңізбен бірлесе отырып тиісті кезеңде бірқатар табысты жұмыстарды іске асырдық. Өткен жылы тарихи әрі елеулі оқиғаларға толы болғаны белгілі. Солардың бәрінде мәслихат депутаттары белсенділік танытып, атсалыса білді.

Сіздер өңірдегі инфрақұрылым, әлеуметтік нысандар салу, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына және басқа да өзекті мәселелерге қатысты көптеген түйіткілдердің оңынан шешілуіне айтарлықтай ықпал ете білдіңіздер. Сол үшін де сіздерге алғыс айтамын,-деді облыс әкімі.

Басқосуда Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты президенті Ерболат Саурықов Алғыс хатпен марапатталды.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 19 қаңтарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтаған болатын.