Бизнес пен жоғары білімнің өзара ынтымақтастығы
2022 жылдың 22 ақпанында Ш.Мұратаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты «Экономика және бизнес» факультетінің ұйымдастырылуымен «Бизнес пен жоғары білімнің өзара ынтымақтастығы: бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудағы өзекті білім беру бағдарламалары» тақырыбындағы облыстық семинар өтті.
Облыстық семинарға Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты «Экономика және бизнес» факультетінің стратегиялық серіктестері жиналды. Түрлі салалық қауымдастық төрағалары, банк, кәсіпорын басшылары, проректор мен декан, құрылымдық бөлімшелердің басшылары келді. Бұл кездесуіміз институтпен бизнес өкілдерінің кәсіби тұрғыда қалыптасқан қауымдастығын көрсетті.
Бірінші сөз алған Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының академиялық жұмыстар жөніндегі проректоры Акмарал Кадырова сөйледі. Студенттердің кәсіби құзыреттілігін дамыту процесінде жұмыс берушілердің рөлі, көп жылдан бергі жалғасып келе жатқан серіктестік үшін, еліміздің экономика саласына қажетті білікті мамандар даярлау ісіне белсене атсалысып келе жатқаны үшін зор алғысын білдірді.
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының академиялық саясат басқарма бастығы Тастанбекова Қарлығаш Нышанбаевна Білім беру бағдарламаларын жұмыс берушілермен бірлесе отырып заманауи құзыреттіліктерді қалыптастыру мәселесін қарастыру, болашақ мамандарды нарық талабына сай даярлауды жетілдіру, дуалды білім беру аясында сөз қозғады. Жұмыс берушілерге студенттерге дәрістер ұйымдастыруға болар еді деген тілек айтылды. Жұмыс берушілер жақсы қабылдап, өз тараптарынан ұсыныстар айтылды. Тәжірибе жинақтау мәселесін екі тарапта маңызды деп тапты. Бұл мәселе кадр даярлау саласында қазіргі таңда өте өзекті.
Іс-шараның негізгі мақсаты - Білім беру бағдарламаларын нығайту және болашақ жұмыс берушімен ақылдаса отырып, кәсіпорындарға қажетті мамандарды заман талабына сай даярлау. Осы бағытта болашақ мамандарды даярлауда мамандарының ұсыныстарына аса көңіл бөлінді. Олардың ұсыныстары Білім беру бағдарламаларын әзірлеуде ескерілетін болады.
Кездесу барысында студенттермен еркін форматта сұқбаттасты.
Ш.Мұратаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты «Экономика және бизнес» факультетінің деканы Ж.А.Қуатбеков жиналған қауымға алғысын айтып, келешекте де институт пен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақты серіктестікті дамытып, әрі қарай көкжиегін кеңейте беру жөнінде сенімін білдірді.