COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Н.Ұласбекұлының төрағалығымен кездесу өтті

Н.Ұласбекұлының төрағалығымен кездесу өтті

28.02.2023ж. күні Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық институтының мәжіліс залында Жамбыл облысы прокурорының орынбасары Н.Ұласбекұлының төрағалығымен кездесу өтті.

Шараның негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 16 наурызындағы "ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ" атты жолдауынан туындайтын құқықты Жаңа Қазақстан құру және саяси экономикалық жағдайды түбегейлі өзгерту мәселесіне арналды.

Кездесуді облыс прокурорының орынбасары Н.Ұласбекұлы кіріспе сөзімен ашып, өз кезегінде ХТИИ вице-президенті Асқар Абдуалы жолдаудың институтымызда орындалуы туралы, жастар тәрбиесіне қатысты мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы баяндама жасады.

Облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Ж.Зұлпыхар облыс әкімдігінің 203 қаулысының орындалуы туралы, ондағы мәселелер мен шешу жолдары туралы айтты.

Кездесу соңында сұрақтар қойылып, оларға нақты жауаптар берілді.