COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / UNICEN жобасы

UNICEN жобасы

Шерхан Мұртаза атындағы ХТИИ Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар басқармасы 2023 жылғы 28 наурызда UNICEN жобасы бойынша (университеттік серіктестік бағдарламасының гранттары бойынша) Небраска-Линкольн университетімен (АҚШ) бейнеконференция өткізді.

Кездесуге: Эндрю Зимберофф (Небраска-Линкольн университетінің профессоры), Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты , Қазақ ұлттық аграрлық университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз аймақтық университеті, Жетісу университеті қатысты. Небраска-Линкольн университетінің профессоры Эндрю Зимброфф өзін және жобаның мақсатын барлық қатысушыларға таныстырды. Сонымен қатар, барлық төрт университет бір курсты (Агробизнестегі кәсіпкерлік қызмет) оқу процесіне енгізуге және күзгі семестрде аталған курсты жүзеге асыруға келісті.Осы бейнеконференцияда профессор Эндрю Зимброфф жоғарыда аталған жоғары оқу орындарының базасындағы агробизнес саласындағы ғылыми-зерттеу орталықтарымен танысу үшін әрбір университетке баруға ниет білдірді.