COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

«БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ДӘУІРІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2023 жылдың 30-31-ші наурыз аралығында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Менеджмент академиясының (Павлодар қ.) профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Әбілов Меңдібай Әбілұлының 65 жылдық мерейтойына орай «Балалар әдебиеті тарихының қалыптасуы және Жаңа Қазақстан дәуіріндегі филология ғылымының өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Алғашқы құттықтау сөз Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры, э.ғ.д. М.А Баяндинге, Ғылым және коммерциялау жөніндегі ректордың кеңесшісі, э.ғ.д., профессор Тажибаев Серік Дүйсенәліұлы пленарлық мәжілістің баяндамашыларына ақ жол тілеп, ғылымдағы соңғы жаңалықтармен таныстырып өтті.
Жамбыл облыстық «Ақжол» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының Жамбыл облыстық филиалының жетекшісі Хамит Есаман конференцияға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Пленарлық мәжілісте 8 баяндама тыңдалды:
1.АЛЛАМБЕРГЕНОВА ПЕРХАН КУДАЙБЕРГЕНОВНА – Өзбекстан журналистика және бұқаралық коммуникациялар университетінің докторанты, ф.ғ.к., Өзбекстан Республикасы, Ташкент қ. ТАҚЫРЫБЫ: «Телевидения және балалар әдебиеті»;
2.АЛСЕЙТОВ МАХСЕТ НУРАШОВИЧ – Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ақын. Қазақстан Республикасы, Алматы облысы. ТАҚЫРЫБЫ: «Тереңнен бастау алатын балалар әдебиеті»;
3.БОЛТАЕВ НАФФОЛ СОДИК УГЛИ – Өзбекстан журналистика және бұқаралық коммуникациялар университетінің ізденушісі, Өзбекстан Республикасы, Ташкент қ. Тақырыбы: «Жаҳон болалар адабиёти ва унинг ўзбек радиосидаги тарғиботи»;
4.САДЕН НУРСҰЛУ АСҚАРҚЫЗЫ – М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Ұстаз» институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының» 1 курс студенті, Қазақстан Республикасы, Тараз қ. ТАҚЫРЫБЫ: «Меңдібай Әбілұлы–сықақшы жазушы»;
5.АЯЗБАЙ КАМИЛА ЗҰЛПЫХАРҚЫЗЫ – Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназияның 7 сынып оқушысы, Қазақстан Республикасы, Тараз қ. ТАҚЫРЫБЫ: «Бердібек Соқпақбаев, Оралхан Бөкей шығармаларындағы жеткіншек бейнесі». Ғылыми жетекшісі: Мұсабекова Мадина Даниярбекқызы;
6.АЙБАС НАЗЕРКЕ МАРАТҚЫЗЫ – Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы, Жамбыл облысы, Меркі ауданы. ТАҚЫРЫБЫ: «Балалар әдебиетінің негізін қалаушылар». Ғылыми жетекшісі: Мұратбаева Айганым Сериковна;
7.МИСТЕР МОО – Лидс университетінің мұғалім-тренері, Лидс қаласы. ТАҚЫРЫБЫ: «Ұлыбританиядағы балалар әдебиеті». Ағылшын тілін тіл тасымалдаушылармен оқыту орталығы;
8.МИССИС АЛФРЕДЕР – Род-Айленд университетінің мұғалім-тренері, Манчестр қаласы. «Ағылшын тілін тіл тасымалдаушылармен оқыту орталығы. ТАҚЫРЫБЫ: «Меңдібай Әбілұлы және ежелгі дәуірдегі балалар ауыз әдебиеті».
9.МҰҚАШЕВ ТЕМІРБАЙ ӘЛІҰЛЫ. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Филология және журналистика» кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Тақырыбы: «М.Әбілұлы және қазақ балалар әдебиеті»

Халықаралық конференция төмендегідей бағыттар бойынша жүргізілді:
1.М.ӘБІЛҰЛЫ ЖӘНЕ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ, ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
2.ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ: КЕШЕ, БҮГІН, ЕРТЕҢ
3.БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПЕДАГОГТЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Әбілов Меңдібай Әбілұлының мерейтойына орай ұйымдастырылып отырған «БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ДӘУІРІНДЕГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына 150-ге жуық ғылыми мақалалар мен баяндамалар келіп түсті. Баяндамалар (Әжінияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институты, Өзбекстан журналистика және бұқаралық коммуникациялар университеті, Бердақ атындағы Қарақалпақ Мемлекеттік университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз гуманитарлық-техникалық колледжі, Назарбаев зияткерлік мектебі, қалалық гимназия мектептері мен аудандық мектептерден т.с.с.) келіп түсті.
Халықаралық коференцияға мектеп оқушылары да (Иманқұл Бақжан Алибекұлы, Иманқұл Нұржан Аибекұлы А.Гайдар атындағы №35 орта мектебі, Сейтжанқызы Жансая Панфилов атындағы №39 мектеп гимназиясы, Құрманғазы Гулфайруз Фархатқызы Ә.Бөкейханов атындағы №1 мектеп гимназиясы, Меңдібай Мағжан және Меңдібай Айерке) қатысты. Ақын М.Әбілұлының «Шабытты шақ» жинағынан үзінділер жатқа оқыды.
Конференцияға «Балдырған» журналының бас редакторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Дүйсен Мағлұмов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ахмет Өмірзақ, Жамбыл облыстық «Арай» газетінің бас редакторы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Тұрсынбек Сұлтанбековтер жарыс сөзге қатысып, өз ізгі-тілектерін білдірді.
Пленарлық мәжіліске қатысқан зиялы қауым өкілдерін Шерхан Мұртаза атындағы ХТИИ, «Педагогика» факультетінің деканы, п.ғ.к. Ботабаева Әдемі Еркебаевна, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Беркенова Рабиға Ағабекқызы І дәрежелі дипломдармен, сертификаттармен марапаттады.

Пертаева Эльмира Құлибайқызы
ХТИИ, «Педагогика» факультеті,
«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, ф.ғ.к.