COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Педагогикалық» практикасының ашылу конференциясы өткізілді

«Педагогикалық» практикасының ашылу конференциясы өткізілді

04.04.2023ж. Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты «Жаратылыстану» факультеті «Тарих және география» кафедрасына қарасты 6В01501-«География», 6В01602-«Тарих» білім беру бағдарламаларының 2-курс студенттерімен «Педагогикалық» практикасының ашылу конференциясы өткізілді.

Барлық студенттер бұйрықпен бөлінген қалалық мектептерге баратындары айтылды. Студенттер практикадан өту барысында жетекшілерден берілген тапсырмаларды тиянақты орындап, ашық сабақ және тәрбие сағаттарына қатысып, мектептің ішкі тәртібі мен мұғалімнің басты міндеттерімен жан-жақты танысып келулері қажет. Конференцияға «Тарих және география » кафедрасының меңгерушісі Ж.Е.Мырзабеков, аға А.К.Ботбаев, Г.К.Успанова, М.Н.Тоқбаева А.Р.Джунисбекова С.Т.Тоқболат қатысты.