Сапалы өнім - бәсекеге қабілеттілік
05.04.2023 жыл 12 сәуір ғылым күніне орай Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты "Жаратылыстану" факультетіне қарасты "Стандарттау және ветеринариялық санитария" кафедрасында "Сапалы өнім - бәсекеге қабілеттілік" тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
Профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысқан дөңгелек үстелде нарықтық экономикада бәсекеге қабілеттілікті дамыту жолдары, оған әсер ететін күштер және тақырып аясында т.б. мәселелер қозғалып талқыланды.