12 сәуір – ғылым қызметкерлерінің күні
Ғылым – адамзат өміріндегі маңызды салалардың бірі. Ол қоғамды алға жылжытады, технологияны дамытады, өндірісті жетілдіреді және жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. 12 сәуір – Қазақстанда ғылым саласы қызметкерлерінің күні. Дәл осы күні қазақ академигі, ғалым-геолог әрі Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев дүниеге келген.
Қазақстан ғылым саласында 23 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Зерттеушілердің 35%-ы ғылыми немесе академиялық дәрежеге ие. Ғалымдардың 34%-ы – 35 жасқа толмаған; 43%-ы – 35 жастан 54 жасқа дейінгілер; 23 %-ы – 55 жастан асқандар. Әйелдердің үлесі – 54%, ерлер үлесі – 46 %.
Құрметті әріптестер, сіздерді Ғылым қызметкерлерінің күнімен құттықтаймын!
Бүгін ел өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген түрлі ғылым саласындағы азаматтар мен ғалымдарымыз үшін маңызы айрықша күн. Құрметті әріптестер! Сіздерге сарқылмас зерттеушілік ізденіс, шабыт, шығармашылық табыс тілеймін. Жаңалықтарыңызбен қуанта беріңіздер!
Ізгі ниетпен ректор Марат Баяндин