COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Нұржан Нұржігітов Ғылым күнімен құттықтады

Нұржан Нұржігітов Ғылым күнімен құттықтады

Күні кеше Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов ғылым саласы қызметкерлерінің күнінен орай бірқатар сала мамандарымен кездесіп, кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Аймақ басшысы өз сөзінде еліміздің, өңірдің дамуында білім мен ғылымның маңызы жоғары екенін баса айтты.

Бұдан соң ғылым жолында елеулі еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтарға марапаттар табысталды.

Соның ішінде физика-математика ғылымдарының кандидаты, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Ақпаратты-коммуникативтік технологиялар» кафедрасының доценті Талғатбек Аязбаевқа, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі табысталса, "Жалпы Педагогика" кафедрасының меңгерушісі Рахат Сайлаубекқызы Елубаева, "Биология және ауылшаруашылық мамандықтар" кафедрасының меңгерушісі Куралай Айтекова, б.ғ.к. Кульзакира Аманова Облыс әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталды.