Есеп беру - сайлау конференциясы өтті
Кеше Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық институтының конференц залында институтымыздың бастауыш кәсіподақ ұйымының 2019-2023 жылдар аралығына арналған есеп беру - сайлау конференциясы өтті.
Форум жұмысына конференция делегаттары мен институт ардагерлері, кәсіподақ белсенділері қатысты.
Шарада Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлері жергілікті кәсіподағының төрағасы Ерұлан Мағзымбеков конференцияның маңыздылығына тоқталып, негізгі кәсіподақтық жұмыс тікелей еңбек ұжымдарында жүргізілуі тиіс екендігін айтып, бірқатар сала қызметкерлерін марапаттады.
Сайлау қорытындысы бойынша институт бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы болып Алимкулова Шырын Исламбекқызы сайланды.
Шын жүректен құттықтаймыз!!!