Аутизм спектрінің бұзылуы
21.04.2023ж. күні Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының "Педагогика" факультетінің "Жалпы педагогика" кафедрасының оқытушысы Хайруллаева Мөлдір Ғаниқызының "Аутизм спектрінің бұзылуы" тақырыбында скриннинг жүргізілді. Мақсаты: "Балаларды ерте жастан бақылау және диагностика жүргізу". Скриннингке "Педагогика " факультетінің деканы Ботабаева Ә.Е., кафедра меңгерушісі Елубаева Р.С., аға оқытушылар: Фатикова Н.А., Ажибаева Р.Е., Абаева А.К., оқытушылар Сарсенов Ж.Б., Момбекова С.Б., Пірәлі Ф.Е., Сманова У.К., Рзатай А.Қ., және БОПӘ-20-1, 3, Қт-21-1, Ко-21-1, Кес-21-1, БОПӘ-21-1, 3, ПМНО-21-2 тобының студенттері қатысты.