COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «ZHEIF-2023»

«ZHEIF-2023»

Жамбыл облысының қолайлы экономикалық және инвестициялық ахуалын дамытуға ықпал етуге бағытталған «Zhambyl Investment and Economic Forum-2023» атты халықаралық форумның цифрландыру бағыты бойынша Иран, Литва, Қытай, Сауд Арабиясы және республиканың барлық аймақтарынан келген қонақтар Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының базасында қонақта болды. ХТИИ ректоры Марат Баяндин институттың материалдық-техникалық базасымен, IT академиясының жұмысымен таныстырды.

Келушілерге ұсынылған жобалардың бірі – «New STEP project». Аталған жобаны ХТИИ «Педагогика» факультетінің «Шетел тілдері» кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Г.Байғазиева бастаған «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша білім алып жатқан 3-курс студенттері әзірлеген.

Жобаның басты мақсаты – ана тіліміздің деңгейін көтеру, білім алып жатқан студенттердің бойында ғылым, білім жолында ізденушілік қасиет қалыптастырып, болашаққа дұрыс жол сілтеу, теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде бекіттіру. Оны іске асыру барысында команда жетекшісі мен мүшелері КазИнновейшен және АстанаHub өткізген стартап бойынша онлайн оқуға қатысып, стартап конкурсында 30 ІТ бизнес-идея ішінен ең үздік 10 жобаның ішіне еніп, қаржылай сыйлыққа ие болған.

Халықаралық Тараз инновациялық институтының цифрлық технологиялар саласындағы жетістіктерімен таныстыру барысында институт ректоры оқу орнының «Агробиология», «Ветеринария және мал шаруашылығы», «Аквакультура» және «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталықтарының жұмыстары, жоғары оқу орнының «Huawel» ICT Academy» заманауи технологиялық проектілерді іске асыруға бағытталған жобасы мен облыстағы ауыл жастарының тегін білім алуына арналған «ХТИИ-дың 100 гранты» әлеуметтік жобасы туралы айтып, қонақтарға оқу орнының алдағы жоспарларымен бөлісті

‼️ Форумда компания ерекше балалардың аналарына арналған мобильді қосымшаны ұсынды. Қосымшаға ата-аналар арнайы логин, пароль арқылы тіркеліп, білікті мамандардың видео дәрістерін тегін көре алады.

ХТИИ "IT академияның" жетекшісі Нұрғиса Шарапов цифрлық сауаттылықты арттыру, бағдарламалау тілдері, графикалық дизайн, робототехника, практикалық мастер-класс, виртуалды зертхананың негізгі қызметі саласында атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып, ондағы қол жеткен жетістіктерімен таныстырды.

Бұдан кейін форумға қатысушылар «Қысқы бақ» кешенінде болды. ХТИИ жанынан ашылған жер шарының түкпір-түкпірінде кездесетін тропикалық және шөлейтті аймақтарда өсетін 450 ге жуық өсімдіктер бағында білімгерлер мен келуші қонақтар үшін қолайлы микроклимат жасалған.

Адамдардың өмір сапасын жақсартып, білім беру жүйесін жаңа белеске көтеретін жасыл орталыққа саяхатқа келгендерге ғылымды патенттеу секторының басшысы Сабыржан Орынбасар осында қолданылатын заманауи қондырғылардың жасалу және іске асырылу жолдарын айтып берді.