COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Кәсіптік оқыту

Кәсіптік оқыту

Жоғары оқу орындары студенттерінің Республикалық олимпиадасын ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 2022-2023 оқу жылында 6В01404- "Кәсіптік оқыту" білім беру бағдарламасы бойынша базалық ЖОО ретінде өткізді.

Олимпиадаға Қазақстанның 10-нан астам ЖОО қатысуға өтініш білдірген. Олар: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, Орталық Азия Инновациялық университеті, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті.

Түркістан қаласында 27-28 сәуір күндері өткен пәндік олимпиадада Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық институтының 3 курс студенттері жүлделі ІІІ орынды иеленеді.