COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2023 жылғы 27 сәуір айында "Жаңа Қазақстан: ғылым дамыуының және жоғары білім сапасын арттырудың заманауи үрдістері" атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның салтанатты ашылуы өтті. Конференция жұмысы бес бағыт бойынша жүргізілді. Жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша барлығы 100 - ден астам ғылыми-зерттеу жұмыстары келіп түсті.

Пленарлық отырыста келесі тұлғалар сөз сөйледі: экономика ғылымдарының докторы, профессор, Оңтүстік-Шығыс академиясының (филиал) директоры, "В.И.Вернадский атындағы Қырым Федералды университеті", Елеонора Танкова - доктор РhD, доцент,​ "Халықаралық экономика және әкімшілік" факультетінің деканы, Варна Еркін Университеті (Болгария), сондай-ақ Ұлттық білім академиясының академигі, Ы.Алтынсарин атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, педагогика ғылымдарының докторы, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық​ институтының профессоры, Бөлеев Қалдыбек алғаш рет жаңа ғылыми бағыт - "Қазақ ретрологиясы - қазіргі әлемдік ғылымдағы ең жаңа ғылым саласы" атты баяндамасымен таныстырды. Сонымен, Қазақ ретрологиясы-қазақтардың халық білімі туралы ғылым. Қазақ ретрологиясының элементтері (бағыттары): халықтық математика, халықтық метрология, халықтық география, халықтық топонимика, халықтық биология, халықтық медицина, халықтық ветеринария, халықтық агрономия, халықтық химия, халықтық физика, халықтық астрономия, халықтық экология болып табылады.

2023 жылдың 28 сәуір айында конференцияның жабылу салтанаты өтті, конференцияға қатысушылар сертификатпен марапатталды.