Таразда Қазақстан Республикасының VI Жазғы Спартакиадасының салтанатты түрде ресми ашылуы өтті
Орталық стадионда өткен ауқымды шараға құрметті қонақтар және көпшілікпен бірге ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, облыс әкімі Нұржан Нұржігітов, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты ПОҚ мен студенттер қатысты.
Тараздың терең тарихы сыр шерткен «Көне Тараз» бейнеролигі, «Бабалар рухы» дауылпаздар қойылымдары жиналғандарға ерекше әсер сыйлады.
Бұдан соң спартакиаданың алауы жағылып, төреші, спортшы, жаттықтырушылардың ант беру рәсімі өтті.
Салтанатты шара эстрада жұлдыздарының және жергілікті өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарламаға және мерекелік отшашуға ұласты.