Бүгін Дүнген этносының қазақ жеріне қоныс аударуына 145 жыл толып отыр
Осыған орай, Қордай ауданы, Масаншы ауылында "Қазақ халқына алғыс" ескерткішіне гүл шоқтарын қою салтанатты рәсімі өтті.
Сонымен қатар Масаншы ауылында бірнеше мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.
Ауыл орталығында 5 киіз үй тігіліп, көрме өтті. Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты ұжымы атынан да киіз үй тігіліп, аңшылық, саятшылық, достық тақырыбында безендіріліп, көпшілік назарына ұсынылды.