COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар басқармасы

Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар басқармасы

Еліміздің Оңтүстік-шығысындағы ең жас (15 жыл), халықаралық байланыстары нық, инновациялық бағытта қарқынды дамушы Шерхан Мұртаза атындағы ХТИИ профессор-оқытушылар құрамы қызметінің негізгі тиімділік көрсеткіштерін (KPI) негізге ала отырып, 2022-23 оқу жылына арналған индикативтік даму жоспарының орындалуындағы білім беру қызметін ғылыми-ақпараттық қамтамасыз ету индикаторындағы бірқатар тактикалық міндеттер бойынша:

Алдымен, оқу ордамыз халқымыздың біртуар заңғар жазушысы Шерхан Мұртаза атауын алумен байланысты ҚР Ғылым және Жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық субъектісі ретінде 5 жыл мерзімге акредиттелді;

Оқу ордамыздың құрылтайшылығымен үш тілде үш айда бір рет жарыққа шығатын "ITII Жаршысы" журналы ҚР, Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі, Ақпарат комитеті Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды қайта есепке алды;

Азия университеті қауымдастығы(Asian University Association) және Халықаралық университеттер қауымдастығына (International Association of Universities) мүшелікке енді;

Оқу ордамызға Cisco, Huawei ICT Academy авторизацияланған сертификаты беріліп, IT Академия ашылды;

Жаңа ғылыми орталықтарды, технопарктерді, бизнес-инкубаторларды, зертханаларды және басқа да ғылыми бөлімдерді құру көрсеткіші бойынша заң, цифрландыру және өлкетану мен ұлттың тарихи зерттеулері жүргізілетін 7 салалық ғылыми-мектеп (өндірістегі филиалдармен қоса алғанда) құрылды;

Халықаралық ғылыми Scopus, Web of Science т.б. дәйексөздер индексінің ғылыми журналдарындағы ғылыми мақалалар саны (әрбір ПОҚ шаққанда 4/1 немесе 32% ) артты. Мәселен, жылдық көрсеткішпен жас оқытушы ғалым Тоқболат Сейілхан жеке авторлықпен өз зерттеулері нәтижелерінен 2 мақала жарияласа, президентіміз Нуржан Жомартұлының 11 мақаласы жарыққа шықты т.б.);

Ғылыми кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, «Болашақ» бағдарламасын қоса алғанда , жалпы 21 оның ішінде Марал Буркитбаевна, Омаров Ә.Ж., Шинышерова Ж.Б. бастаған бірқатар профессор-оқытушылар, білім алушылар т.б. Coursera Inc. компаниясынан, FutureLearn: Әлемдік үздік университеттерден пәнаралық методологиялық зерттеулер мен жаңа технологиямен жасақтау, өңдеу салалары бойынша курстардан ғалымдарымыз Пернеш Маликтаева , Рахат Сайлаубекқызы Елубаева т.б. біліктіліктерін арттырды; Шетелдік тәжірибелік конференция, симпозиумдарында Гульшат Камбарбековна , Айгуль Курманбекова , Ботабаева Ә., Елубаева Р.С. т.б. ғалымдарымыз әдіснамалық тәжірибелерімен алмасса, «Болашақ» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан ағымдағы оқу жылы өткен, үш шәкіртақының иегерлері Мурат Нургабылов - Varna Free University "ChernorizetsHrabar", Ж.Ж.Саркулова - Varna Free University "ChernorizetsHrabar", Г.Ж.Тулеубаева - Michigan State University (MSU) және алдағы уақытта ғылыми тағылымдамасын жоспарлап отырған "Заң" факультетінің оқытушысы, з.ғ.к. Ирубаева Айгуль Танабуговны айтуға болады;

Өнертабысқа алынған патент пен авторлық куәліктердің жалпы саны 43, оның студенттердің стартап жобалары үшін – 8, авторлық курстар – 10 қалғаны ғалымдардың әзірлемелерінің үлесінде екен.
Оқу ордамыздағы профессор-оқытушылардың мемлекеттік сыйлықтар мен гранттарға, ғалымдар мен мамандарға арналған ғылыми стипендияларға конкурстарға, ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру конкурстарына қатысуы бойынша келесі постта жарияланады.

Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар басқармасының бастығы Латифа Кожамжарова