COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Алтай халықтарының жер-су атаулары

Алтай халықтарының жер-су атаулары

Бүгін, яғни 4-шілдеде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Турксой түркі мәдениетінің халықаралық ұйымының бастамасымен Стамбул университеті, Ташкент университеті, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының ұйымдастыруымен “Алтай халықтарының жер-су атаулары" атты ХІ Халықаралық Алтай қауымдастығы симпозиумының ашылуы өткізілді.

Халықаралық шара 4-7-шілде күндеріне жоспарланған. Конференция басталуында Әл-Фараби университетінің ректоры Ж.Түймебаев сөз алып, игі шараның жалпы ұлттық руханиятымыз бен ана тіліміздің жан-жақты зерделеніп, құпия сырларының, тарихи тамырларының толыққанды ашылуындағы маңызының зор екендігін атап айтып, қолдау білдірген ұйымдастырушыларға, институт құрылтайшысы Ерболат Саурыков мырзаға үлкен алғысын білдірді. Симпозиумге әлемнің түкпір-түкпірінен түркі дүниесіне қызығушылық білдіріп, зерттеп жүрген 200-ге жуық ғалымдар қатысуда.

Халықаралық симпозиумға ұйымдастырушылар атынан арнайы өкіл ретінде ХТИИ “Тарих және география” кафедрасының меңгерушісі, PhD Ж.Е. Мырзабеков, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.Ө.Тамабаева, докторант Т. Нұрбеков қатысуда.

Халықаралық шараға Туркия, Жапония, Түркменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Тайвань, Үндістан, Ресей, Татарстан мемлекеттерінің ғалымдары ерекше қызығушылық білдірген.

Б.з.б VI ғасырда Алтай тауларының баурайынан әлемнің түкпір-түкпіріне тарап кеткен халықтардың бас қосқан бүгінгі шараның тағылымы мол болмақ. Жас мемлекетіміздің саяси-экономикалық, рухани дамуына үлкен серпін беретіні даусыз.