COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Жолдау - мемлекет дамуының тірегі

Жолдау - мемлекет дамуының тірегі

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жолдады.

Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты ұжымы дәстүрлі жолдауды зор ықыласпен қабылдады.

Президентіміздің бүгінгі жолдауы барша қазақ елі үшін маңызы зор. Мемлекетіміздің сан алуан саласын қамтыған, өзіндік жолы айқын, әр қадамы нық, нақты жоспары бар жолдауда су ресурсына, цифрландыру ісіне, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру мәселесіне басымдық беріп, еліміздегі креативті экономиканың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалатындығы қуантады.

"Еліміздің әрбір азаматы, әсіресе, жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажет. Оның бәрі бірігіп, біртұтас қоғамдық қасиетке айналады. Әркім отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр болса, алынбайтын асу жоқ" - деді Мемлекет басшысы. Бұл дегеніміз жастарға артылған сенім, жүктелген міндет.

Ағымдағы Жолдау мемлекетіміздің экономикасының өрлеуіне және халқымыздың әлеуметтік жағдайының жақсаруына жол ашатынына кәміл сенеміз. Олай болса, еліміздің дамуына күш беретін жақсы жаңалықтарымыз көп болсын!