COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Дрондар мен практикалық жаттығу өтті

Дрондар мен практикалық жаттығу өтті

4 қыркүйек 2023ж. Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты ұшқышсыз ұшатын әуе аппараттарының мамандар тобы, құрамында Айнур Суранчиева, полковник Асилов Салханбек проект басшысы, Гарафиев Нурлан, Ахметов Тимур, Жанболат Мусакул, Даулет Ермек, Мейрамбек Сақан, Қыдырбек Әбдіғаппар оңтүстік әскери полигоны Матыбұлақта (Отарда әскери қалашығы) тарихта болмаған бірінші практикалық жаттығу өткізді.

Бұл жаттығуда 85395 әскери бөлімі қатысты. Әскери бөлім командирі подполковник Қуранбеков Жәнібектің басшылығымен артиллерия, миномет және мотоатқыштар, барлау, байланыс әскерлері бізбен бірге бірігіп жаттығу жасады.

Жаттығу тақырыбы "Жауынгерлік әскери ұшқышсыз ұшатын әуе апараттарын миномет, артиллерия ату оқтарын бағыттауға қолдану".
Полигон алаңында ұшқышсыз әуе аппараттарын қолдану тәсілдерін Нурлан Гарафиевтің басшылығымен, операторлар Жанболат Мусакул, Тимур Ахметов, Даулет Ермек толығымен әскер қызметкерлеріне көрсетті.

Ең басты мәселе, ұшқышсыз әуе аппараттарынан ақпаратты басшылардың мониторына шұғыл жеткізу болып табылады.
Осы өзекті мәселіні Нурлан Гарафиев жаттығу кезінде шешуге бел байлады.

85395 әскери бөлімінің әскерлері біздің жаңа жобамызды қуана қолдап, барлық керекті техникалық көмек беруде.

Ұшқышсыз әуе аппараттарды жауынгерлік ұрыста қолдану жобасының басшысы, "Шығармашылық мамандықтар" кафедрасының полковнигі Асилов Салханбек

https://youtu.be/Q7qOaAxftUc?si=EitAJxklqd8MAEBT