COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Президент жолдауы 2023: басым бағыттар мен нақты міндеттер

Президент жолдауы 2023: басым бағыттар мен нақты міндеттер

Бүгін Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты конференц-залында Қазақстан Республикасының президенті Қ.К.Тоқаевтың "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына жолдауын насихаттауға арналған "Президент жолдауы 2023: басым бағыттар мен нақты міндеттер" тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

ХТИИ президенті Нуржан Муслимов алғы сөз сөйлеп, дөңгелек үстелді ашып, жүргізіп отырды.

Өз кезегінде ХТИИ вице-президенті Махметғали Сарыбеков "Жаңа экономикалық саясаттың негізгі бағыттары" тақырыбында баяндама жасады.

"Салық жүйесін жетілдіру мәселелері" тақырыбында "Қаржы және есеп" кафедрасының доценті М.Жұмаділдаев, "Ауыл шаруашылығы және су шаруашылығын дамытудағы өзекті мәселелер" тақырыбында "Агробиология" ҒЗО директоры М.Молдахметов, "Атом энергетикасы: Қазақстандағы болашағы қандай?" тақырыбында "Экономика және бизнес" факультетінің деканы Ж.Қуатбеков мазмұнды баяндама жасады.

Дөңгелек үстел соңында профессор - оқытушылар құрамы президент жолдауы бойынша пікірлерін айтып, ойларын ортаға салып, баяндамашыларға сұрақтар қойылып, қызу талқылау болды.