COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Шерхан Мұртаза – тәуелсіз еліміздің көрнекті тұлғасы

Шерхан Мұртаза – тәуелсіз еліміздің көрнекті тұлғасы

2022 жылдың 18-қазанынан бастап зау тұлға Шерхан Мұртаза есімін иеленген жоғары оқу орнындағы жаңа оқу жылының алғашқы аптасы Халық жазушының шығармашылық мұрасына арналды.

«Шерхан Мұртаза – тәуелсіз еліміздің көрнекті тұлғасы» атты апталық барысында «Жаратылыстану ғылымдары" факультетінің 1-курс студенттеріне "Шерхан Мұртаза - тәуелсіз еліміздің көрнекті тұлғасы" тақырыбында дәріс оқылды.

Таңдауы Шерхан институтына түскен студенттерге ХТИИ проректоры Гульшат Камбарбековна және "Тәрбие жұмысы және жастар саясаты" департаментінің бастығы Бахтияр Бекназаров кесек тұлға, кенен дарын шығармашылығы мен қайраткерлік тұлғасын, адамдық болмысы туралы жан-жақты баяндады.

«Тәуелсіздік – тарихтан жеткен ұлы сый» деп туған халқы мен мемлекетінің жоғын жоқтап, ұлттық құндылықтарымыздың шын жанашыры болған Шерхан Мұртазадай ұлы тұлға шығармашылығын насихаттау, ғылыми-зерттеу жұмыстарына студенттерді тарту, білікті маман ретінде қалыптасуында тұлғатанудың мән-маңызын ұғындыру мақсатында ұйымдастырылған апталық жалғасын табатын болады.

Болашақта ректор дәрістері оқытылып, жұлдызы нұрлы суреткер, дарынды драматург, ойшыл, қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза шығармашылығы - әрбір адамның рухани мектебі, тәрбие арнасы екені даусыз.