COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Отбасы құндылығы – ұлт қазынасы

Отбасы құндылығы – ұлт қазынасы

Отбасы күніне орай Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты "Заң" факультетінің студенттері Отбасы күніне орай Жамбыл облыстық "Анаға тағзым" отбасын қолдау орталығы арнайы ұйымдастырған кездесуге қатысты.

Отбасы – кез келген мемлекеттің тірегі, отбасы - адам баласы үшін қастерлі ұғым. Ол ананың аялы алақаны, әкенің ыстық мейірімі, туған-туысқанның жүрек жылуы. Отбасы күні мереке қарсаңында «Анаға тағзым» орталығы «Отбасы құндылығы – ұлт қазынасы» тақырыбында «Мерейлі отбасы - 2023» байқауының жеңімпаздарымен кездесу өткізді.

Бірі спорт, бірі білім саласының үздіктері атанған Сметовтер және Утеповтер жанұясымен отбасы құндылығы, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, отбасындағы бала тәрбиесі жайында әңгіме өрбіді.

Кездесуге келген Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының "Заң" факультетінің студенттері мен мектеп оқушылары үлгілі отбасына таңырқай қарап, жетістікке жетудің жолдарымен бөлісуін сұрады. Талантты ұл-қыз тәрбиелеп отқан отбасы мұның сыры – ата-атаның балаға деген сенімі мен үлкен қолдауында екенін жеткізді.