COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Махметғали Сарыбеков “Студенттер үйінде” тұрып жатқан жастармен кездесті

Махметғали Сарыбеков “Студенттер үйінде” тұрып жатқан жастармен кездесті

Бүгін Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты вице-президенті Махметғали Сарыбеков “Студенттер үйінде” тұрып жатқан жастармен кездесті.

Кездесу барысында Махметғали Нұрғалиұлы Мемлекет Басшысының Жолдауындағы өзекті мәселелерді, жастар саясатына қатысты басым бағыттарды талдап, өз ойын білдірді.

Мысалы, келесі мәселелерге ерекше назар аударылды:
- Қазақстанда жастар саясаты қай бағытта дамиды;
- бүгінгі жастарға қолжетімді және сапалы білім беру үшін мемлекет тарапынан қосымша қандай жағдай жасалынады?;
- ғылым және жастар: жастарды ғылымға тарту жолдары;
- жастардың бойында қаржылық сауаттылық пен кәсіпкерлік мәдениет қалай дамиды;
- жастардың қоғамдық санасы мен азаматтық ниетін қалыптастыру жолдары.

Өз кезегінде студенттер сұрақтар қойып, пікірлерін ортаға салып, естелік суретке түсті.

Алдағы уақытта зиялы қауым өкілдерінің институт жастарымен осындай кездесулері жүйелі түрде жолға қойылатын болады.