COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Шерхан тағылымы

Шерхан тағылымы

Бүгін Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты «Жаратылыстану» факультетінің ұйымдастыруымен Халық жазушысы, қоғам қайраткері, ұлт ұстыны Ш.Мұртазаның туылған күніне орай «Шерхан тағылымы» атты кездесу кеші өтті.

Шараның негізгі мақсаты - Ш.Мұртазаның тағылымға толы ғұмырына, қайраткерлік тұлғасына байланысты естеліктермен бөлісе отырып, жастарды отансүйгіштікке, ұлтына қызмет етуге, азаматтық болмысын қалыптастыруға тәрбиелеу. Сонымен қатар халқымыздың мәдениеті мен тарихын, салт-дәстүрін, ұлттық болмысын тереңірек тани түсуіне ықпал ету, Шерхан Мұртаза еңбектерін насихаттау.

Алғашқы сөз кезегін оқу орнының ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Марат Баяндин алып, орталық жұмысының барысы, жазушының туылған күніне орай өткізілетін іс-шаралар легімен таныстырып, кештің шымылдығын ашты.

Кездесуге Шерхан Мұртазаның жиендері Қошпанқұл Жақсымбет Қадырұлы және Тараз қаласы 8 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, жиені Ағыбаева Жанат Хасенқызы; ардагер-журналист, бауыржантанушы Бекет Момынқұл қатысып, мазмұнды ойларымен, терең пікірлерімен, әсерлі естеліктерімен бөлісті.

Кеш соңында сөз алған факультет деканы, PhD Мурат Нургабылов Нұриддинұлы қонақтарға үлкен алғысын білдіріп, естелік сыйларын табыстады. Студенттерге сәттілік тілей отырып, Шерхан тағылымын бойына сіңірген білімді ұрпаққа айналу – негізгі мақсат болу керектігін атап өтті.

Еркін форматтағы кездесу кеші жастарға мол тағылым, көптеген тың мәліметтер мен зор үлгі-насихат сыйлағаны сөзсіз.