COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Ұстаздың дара жолы

Ұстаздың дара жолы

29.09.2023 ж. күні «Педагогика» факультетінің ұйымдастыруымен мұғалімдер күніне орай «Ұстаздың дара жолы» атты сыр-сұхбат өткізілді. Бұл іс-шараның қонақтары:

1) Ұстаздық еңбек жолын Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Ванновка ауылының М.В. Ломоносов атындағы орта мектебінде мұғалімінен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне дейін қызмет атқарған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, академик Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы. Қазіргі кезде біздің институтымыздың вице-президенті.

2) Мамандығы ұстаз, қоғам қайраткері, «A-Status» мектеп-гимназия балабақша кешенінің құрылтайшысы Рыспаева Сәуле Мақшанқызы.

3) Ұстаздық еңбек жолын мектептен бастап, ғылыммен айналысып, бірнеше педагогикалық технологияларға байланысты құнды еңбектерді жазған педагогика ғылымдарының докторы, профессор Бұзаубақова Клара Жайдарбекқызы. Қазіргі таңда М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі.

4) Мерке ауданы, Ойтал ауылының №12 Қ.Сарымолдаев орта мектебінде 41 жыл ұстаздық қызмет етіп, еңбегінің зейнетін көріп отырған ардақты ұстаз, аяулы ана, салиқалы апа - Іңкәрбекова Гүлсара Төленқызы.

5) Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі, «Республикалық Үздік педагог – 2022» байқауының жеңімпазы - Карымсакова Жадра Джумабековна.

6) Біздің институттың бакалавр және магистр академиялық дәрежесі бойынша үздік түлегі, бірнеше республикалық байқаулардың жеңімпазы, «Республикалық Үздік педагог – 2023» байқауының биылғы үміткері, педагог-зерттеуші, Тараз қaлacының білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы» КММ бacтaуыш cынып мұғaлiмi Тельбаева Улжан Даткабеккызы.

Сыр-сұхбатта келесідей сұрақтар қойылды:
1. Ұстаздық жолды таңдауыңыздың себебі жөнінде әңгімелеп берсеңіз.
2. Мектеп бітірген кезінде қандай сезімде болдыңыз?
3. Мамандық адамның қабілетіне, бейімділігіне байланысты ма? Қалай ойлайсыз? т.б.

Осы сұрақтар аясында қонаққа келген оқытушылар ұстаздық өмір жолындағы мазмұнды мәліметтер ұсынып, студенттермен пікір алмасты.